Қаракөз қарындас

lat: Qarakóz qaryndas

Қандас қазақ, бір ұлт өкілдері, нәсілдік, ұлттық белгісіне қарай қазақтарға қатысты қолданыс. Басынан Қаратаудың көш келмейді, Қаратау енді ешкімге дес бермейді. Мөлтілдеп қара көзден жас келмейді, Қ а р а к ө з  қ а р ы н д а с ы м сескенбейді. Қаратау енді ешкімге дес бермейді (М.Мақатаев, Шығ.). Жетесің сен де таранып, Төбеңде тұнық аспан көк. Қарайтын саған қадалып, Қ а р а к ө з  қ а р ы н д а с т а р көп (C.Жиенбаев, Алтын қалам).